Bugin

Танымал журналист, спорт комментаторы өмірден өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: oods.ru 

Танымал спорт комментаторы әрі журналист Василий Уткин көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы РИА Новости басылымына сілтеп.

РИА Новости басылымының жазуынша, Василий Уткин 52 жасында көз жұмған.

 "Біз үшін бұл жазбаны жазу өте ауыр болды. Бірақ бұл рас. Василий енді арамызда жоқ", - деп жазылған таралған хабарламаларда.

Василий Уткин "Эгриси" әуесқой футбол клубының иесі еді.

РИА ақпараты бойынша, танымал журналист 1994 жылдан бері телеарналарда жұмыс істеген, бірқатар футбол бағдарламасын жүргізген. Ол НТВ мен НТВ-Плюс телеарналарында көптеген матчта комментатор да болған.

Алайда 2017 жылы спорт комментаторы саласынан кететінін мәлімдеген. Журналист әрі спорт комментаторы шығармашылығында фильмдерге түсіп, танымал болды.

Уткин "День выборов" және "День выборов 2" фильмдерінде басты рөлге ие болған.