Bugin
Фото: Ашық дереккөзден
Түркістан облысында кішкентай қызға зорлық көрсетпек болды деп айып арқалаған азамат 15 жылға сотталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
2023 жылы 26 сәуірде Түркістан облысы Кентау қалалық ауруханасына 11 жасар қыз түрлі дене жарақаттарымен түскен болатын.
Тергеу нәтижесіне сай қызды белгісіз біреудің үй ауласында зорламақ болып соққыға жыққаны анықталады. Абырой болғанда азғын азаматтар қыз баланы оның көршісі құрқарып қалған.
Полиция күдікке ілінген азаматтың бұрын істі болып, 11 жылдың 8 жылын өтеп, түрмеден жақында ғана шыққанын айтқан.
"Кәмелетке толмаған баланы зорлауға оқталу" деген айыппен қамауға алынған күдікті сот барысында айыпталушы оқушы қызды зорлау ниеті болмағанын, тек сөйлескісі келгенін айтқан.
Дегенмен сот айыпталушыны "кінәлі" деп таныды.
"Соттың үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 15 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы беріліп, жазасын қатаң тәртіптегі мекемеде өтеу тағайындалды", – делінген Түркістан облыстық сотының хабарламасында.