Bugin

Шығыс Қазақстанда әкім өзіне пікір жазған қала тұрғынына қарсы арыз жазған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында Шемонаиха қаласының әкімі өзіне пікір қалдырған қала тұрғынын жазаламақ, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп. 

Желіде Шемонаиха әкімі Егор Драчевтің сотқа берген арызының сканерленген нұсқасы  жарияланды.

“Әкім Драчев қайда? Қазір оның 50 миллион тұратын көліктері бар. Бұл мәселелер оған жат, бұрын әкім еді. Қазір патша", – деп әкімнің ренжіген пікірі”, – делінген пікірге қатысты арыз жазылды.

Әкім бұл пікірдің өз абыройы мен намысына нұқсан келтіргенін айтқан.

“Соттан жоғарыда аталған ақпараттың шындыққа жанаспайды және менің ар-намысыма нұқсан келтіреді деп тануын сұраймын", – делінген арызда.

Сондай-ақ, Шемонаиха ауданының әкімдігі сотқа шағым берілгенін растады.