Bugin
Фото: Қорғаныс министрлігі
Әскери қызметшілер үшемді болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қорғаныс министрлігіне сілтеп.
Қарулы күштердің Райымбек батыр атындағы Алматыдағы десанттық-шабуылдау бригадасы ротасының старшинасы 3-сыныпты сержант Сейітжан Асылбеков үшемнің әкесі атанды.
Әскери қызметшілер Сейітжан мен Минира Асылбековтардың отбасында Диана есімді он бір жасар қызы бар. Балалар саны тағы үшеммен толықты. Ұзақ уақыт бойы екінші баланың болуын армандаған ерлі-зайыптылар үшемді болдыы. Өмірге келген балаларға – Сұңқар және Заңғар, ал қызға – Сырғалым деп ат беріпті.
Әйелім үшемге жүкті екенін білгенде қатты таң қалдым. Менің де, оның да тұқымдарында егіздер бар, бірақ ешкімде үшемдер жоқ екен. Мен бақыттымын. Ішімнен ұл болса екен деп тіледім. Ойымдағым қабыл болып, бірден екі ұл, бір қыз өмірге келді. Енді осындай отбасымның алдында үлкен жауапкершілік тұрғанын да сеземін, – деп қуанышымен бөлісті 3-сыныпты сержант Сейітжан Асылбеков.