Bugin

Наурыз мерекесіне орай бір реттік қаржылай көмек беріледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

21-22 наурызда Шымкентте қоғамдық көліктер ақысыз қызмет көрсетеді. Мереке күндері қала тұрғындары мен қонақтары автобустарда тегін жүре алады, деп Bugin.kz порталы Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Шымкент қалалық әкімдігі Наурыз мейрамына орай қалада мыңға тарта қоғамдық көлік 77 бағытта жолаушыларды тасымалдайтынын хабарлады. Сондай-ақ халықтың бірнеше әлеуметтік тобына мерекелік бір реттік қаржы аударылады.

"Наурыз мерекесіне орай 18 жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 20 АЕК, ал қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 5 АЕК мөлшерінде жыл сайынғы бір реттік әлеуметтік көмек беріледі", делінген Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.