Bugin
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов
Мәжілісте Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке Ұлттық қауіпсіздің комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов қазір қайда деген сауал қойылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәжіліс отырысынан шыққан министрге "Кәрім Мәсімов жазасын қайда өтеп жатыр? Ол емін-еркін бір іс-шарада жүр деген ақпарат бар. Бұл мәлімет қаншалықты шындыққа жанасады? Ол қайда? Неге оның жазасын өтеп жатқаны туралы видео, фото жоқ?" , деп журналистер бірнеше сұрақ қойды.
"Ол сотталған, түзету мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Біз оны еге көрсетуіміз керек? Колонияға кірудің өз рәсімі бар. Адам құқығына қатысты бюро бар", - деп жауап берді Ішкі істер министрі.
Айта кетейік, былтыр 23 сәуірде ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды. Мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысуына тыйым салыған.