Bugin

Олимпиада чемпионы болған балуанның қалай қаза тапқаны анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөзден

АҚШ-та қайтыс болған қазақстандық балуан Мұхамбет Қуатбектің өлімінің себебі белгілі болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі 1bol.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сайтқа марқұмның жақындары қазанің себебін айтып берген.

4-5 жылдан бері АҚШ-та тұратын Мұхамбет Қуатбек 16 наурызда жол апатынан қайтыс болған. Ал оның өмірден өткенін туыстарына тек 19 наурызда ғана естірткен көрінеді.

Марқұмның досы Нұрболат Әбдіуәлиев

"Мұхамбет бірнеше күн бұрын жол апатынан қайтыс болған. Ал оқиғаға нақты кімнің кінәлі екені белгісіз. Біз тек кеше естідік. Қазір оның мәйітін елге әкелу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бұйырса, 2-3 күнде елге жеткізіледі", - деді.

Мұхамбет Қуатбек 2014 жылы Қытайдың Нанкин қаласында өткен жастар Олимпиадасында еркін күрестен 54 келіде топ жарған болатын. Ол сол кезде Қарағанды қаласындағы Ә.Молдағұлова атындағы дарынды балаларға арналған облыстық спорт мектеп-интернатының оқушы болған. Ол 2016-2017 жылдары жастар арасында Азия чемпионатында қола және күміс жүлдегер атанған.