Bugin
Фото: depositphotos.com
Бекабад ауданы Зафар қалашығында 7 жасар қызды туысы ұрып өлтірген. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі darakchi.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қыздың ата-анасы екі қызын Ресейге жұмыс істеу үшін Боқа ауданына қарасты Чолабод ауылында тұратын туысқанына сеніп тапсырған.
Ата-анасы Ресейде жұмыс істегенде туысы балаларын күнде ұрып-соғады. 12 наурызда қорғаншылыққа сеніп тапсырылған келіншек туысқанының кішкентай қызын таяқпен және ағашпен ұрып өлтірген.
Алғашында 7 жасар қызды ұрып-соғып, көгертіп, ыңылдап төсекке жатқызған. Түн ортасы болса да кішкентай қыздың даусы тынбаған соң, сыртқа шығып, тағы бір ұрған. Ақыры үнсіз қалғанына алаңдап, жедел жәрдем шақырды.
Наурыздың 15-і күні кәмелетке толмаған қыз көрсетілген медициналық көмекке қарамастан емхананың жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іске қатысты алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.
Осы жағдайға байланысты 12 наурызда Боқа ауданы ІІБ-не қарасты тергеу бөлімі Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 104-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
13 наурызда әйелге қатысты "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Оқиға Өзбекстанда болған.