Bugin
Фото: видеодан скриншот
Жоғарғы Кеңес пен Мәжілістің бірнеше шақырылымының депутаты Амалбек Тшан "Демократиялы Қазақстан" you tube арнасына сұхбат берді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.
Ол “Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы, парламенттің бұрынғы депутаты Дариға Назарбаева криминалдық авторитет Арман Жұмагелдиевті (Дикий Арман) қорғап, өзі түрмеден құтқарды” деп мәлімдеді.
Дикий Арман туралы Амалбек Тшанов:
"Депутат болып жүрген кезде, сол 2005 жылдар ғой деймін Дикий Арманның іс-әрекетіне куә болғанмын мен. Ол менің туған қарындасымның баласын 4-5 адам жабылып өлімші етіп сабап тастаған. Жиенім өзі ірі жігіт еді, солардың базарына машина сатуға барған ғой. Содан кейін мен ол кезде депутатпын, істі прокуратураға дейін беріп қаматтым. Ол қамалды. Сол кезде бір эпизод әлі есімде. Оны апарым түрмеге қамаған кезде, сол ауданның прокуроры жексенбі күні спорттық киіммен шауып келген ғой. "Босатыңдар бұны" деп айтып. Біздің билік жемқорлықпен қаншалықты байланысып кеткен, әсіресе, құқық қорғау органдарындағы басшылармен. Сол кезде облыстың прокуроры Жүргенбаев мырза еді. Мен оған хабарласып, ол тікелей тапсырма беріп қайта қаматты. Бірақ артынша Дикий Арманды Дариға Назарбаеваның тікелей араласуымен шығарып алды.
Мен бұл мәселені Парламентте көтердім. Дикий Арман билікпен сыбайлас болып, осындай тірліктер істеп жатқанын айттым. Бәрі мұрағатта бар шығар. Ол босаған кездегі Дариғаға жазған хатының көшірмесі менде әлі күнге дейін бар. Мен кітап жазғанда, Дикий Арманмерн болған оқиғамды жазғым келді. Бірақ менің кітабымда ол маңызды емес деп ойладым. Дикий Арман көшеде жүрген біреу, өзінше бандит. Жастар ерме ғой. "Ойбай, осындай адам мынадай екен" дегенге айналасында жүрген болуы керек. Дикий Арман секілді адамдардың сойылын билік соғып жүрсе, онда біз қандай елміз? Қайда барамыз бұзақылардың шылауына еріп жүрген билік болса?",-деп айтты.