Bugin
Фото: freepik.com
6 айлық қыз ұялы телефонның сим-картасын жұтып қойған. Ол қыздың тыныс алу жолына тұрып қалды. Дәрігерлердің арқасында сәби тірі қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Анасы жедел жәрдем станциясына хабарласып, мән-жайды түсіндірген. Олар телефон арқылы көмек көрсеткен.
"Дәрігер-кеңесші Гүлнәз Қырықбаева баланың туыстарына алгоритм бойынша «қоңырауды ұстап тұру» әдісімен қадамдық іс-қимыл жасау жөнінде кеңес берді. Телефон арқылы алғашқы медициналық көмек көрсетуді айтып отырған кеңесші-дәрігердің арқасында баланың өміріне қауіп төнбеді. Дәрігердің нақты нұсқауы бойынша туыстары телефон арқылы бөгде затты өздері шығарып алды", - деді облыстық жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары Наргиз Баймолдаева.