Bugin

Құмар ойынын ойнауға тек 25 жастан асқандарға рұқсат беріле ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com 

Президент Атыраудағы Ұлттық құрылтайда Үкіметке  лудоманиямен күреске қатысты нақты тапсырма беріп, құмарпаздыққа заң жүзінде шектеу керектігін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Мәжіліс депутаты Нұрсұлтан Байтілесов лудомания бүгінде талай шаңырақтың шырқын бұзып, адамдардың өз-өзіне қол жұмсауына тікелей себепші болып жатқанын айтты. Осы орайда "Аманат" партиясының депутаттары құмар ойын ойнауға тек 25 жастан асқандарға берілуі керек деп отыр. 

"Заң жобасында құмар ойын ойнайтындарды 25 жасқа дейін шектеуді, шетелдік ұйымдастырушылардың заңсыз қызметінде қаржы операцияларына тыйым салуды, бұқаралық ақпарат құралдарында букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамасына тыйым салуды және тағы басқа түзетулер енгізуді жоспарладық", - деді депутат.