Bugin

Танымал жазушы қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Жазушы, журналист Медеу Сәрсеке өмірден өтті, Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Медеу Сапаұлы 1936 жылы 2 қаңтарда Семей облысы Қайнар ауылында дүниге келген. Қазақ кен-металлургия институтын бітірген.  Одан соң әр жылдары "Жас Алаш" газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Семей цемент зауытында мастер, аға диспетчер, өнертапқыштар бюросының бастығы, "Егеменді Қазақстан" газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі, Қазақстан жазушылар одағының Семей облысаралық бөлімшесінде жауапты хатшы қызметін атқарған.

Ғылыми-фантастикалық жанрда жазылған алғашқы екі кітабы бойынша 1962 жылы КСРО Жазушылар одағына мүшелікке қабылданған. Өндіріс пен жазушылықты қатар алып жүрген Медеу Сәрсеке "Ғажайып сәуле", "Көрінбестің көлеңкесі", "Жетінші толқын" ғылыми фантастикалық туындылары, "Жаңғырық", "Көмбе" романдары туған. Жазушының "Сәтбаев", "Ебіней Бөкетов" атты деректі ғұмырнамалары мен "Шығыс хикаясы" пьесасы оқырман арасында кеңінен тараған. Қаламгер А.Беляевтің "Қос мекенді адам" романын қазақ тіліне аударған.

Жазушының академик Қ. Сәтбаев жайлы "Планета Сатпаева" және "Через тернии" кітаптары әлемнің 112 еліне тараған.