Bugin

Тоқаев Алматыда бас сейсмологты қабылдады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: akorda 

Мемлекет басшысы Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаевты қабылдады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ғылыми орталықтың қазіргі атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндалды.

Дәулет Сәрсенбаев былтыр қала аумағында орналасқан 16 сейсмикалық станцияның 11-не 527 миллион теңгеге құрал-жабдық сатып алынғаны туралы мәлімет берді.

2021-2023 жылдарға арналған мақсатты қаржыландыру бағдарламасының нәтижесінде 25 бақылау пункті ашылды. Халықаралық ынтымақтастық аясында 10 жаңа станция ішінара жаңғыртылып, 6 жаңа станция пайдалануға берілді.