Bugin
Фото: freepik.com
Қаржы министрі Мәди Тәкиев мобильді аударымдарға шектеу енгізілгеннен кейін жеке кәсіпкер ретінде тіркелген адамдардың көбейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Министрдің айтуынша, қазіргі кезде тағы бір шектеу талқыланып жатыр. Оған сәйкес, үш айда бір адамға жіберілген мобильді аударымдардың жалпы сомасы 255 мың теңгеден аспауы қажет.
Бүгінде үш айдың ішінде бір нөмірге әртүрлі адамдардан түсетін аударымдардың саны 100-ден аспауы тиіс. Одан көп болып кетсе, бақылау шаралары басталады. Жылдың басында барлығы дүрлігіп кетті, қолма-қол ақша іздей бастады. Дегенмен жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендердің саны айтарлықтай өсті.
"Қазіргі кезде жағдай тынышталды, қолма-қол ақшаның көлемі азайып келеді. Адамдар қайтадан мобильді аударымдарға көшіп жатыр. Қаңтар айында шамамен 75 мың жеке кәсіпкер тіркелді. Бұрын бір айда 2-3 мың адам тіркелетін. Ал ақпан айында 70 мың жеке кәсіпкер тіркелді. Демек адамдар кәсібін заңдастырып жатыр", - деді Тәкиев.