Bugin
Фото: видеодан кадр
Мәскеуде болған терактіден қаза тапқандар мен зардап шеккен арасында қазақстандықтар бар-жоғы туралы ақпарат түскен жоқ, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазір біз жағдайдың егжей-тегжейін анықтап жатырмыз. Мәскеудегі Елшілік жергілікті билік органдарымен және тиісті қызметтермен байланыста. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы туралы ақпарат жоқ. Қосымша ақпарат қолжетімді болған кезде береміз. Қазір елшілік 8 (925) 897-71-14 сенім телефонын ашты", - деді сенбіге қараған түні ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.