Bugin

Мәскеудегі теракт: төрт лаңкестің кім екені белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Baza

Мәскеудегі "Crocus City Hall" ғимаратында атыс жасады деп күдікке ілінген алты адамның төртеуінің жеке басы белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "BAZA" телеграм арнасына сілтеме жасап. 
Олар: 

1) Насридинов Махмадрасул - 37 жаста
2) Исмонов Ривожидин - 51 жаста
3) Сафолзода Шохинжонн - 21 жаста
4) Назаров Рустам - 29 жаста.

Олардың барлығы Тәжікстан азаматтары. Бұл 4 азаматтың ішінде 2 азамат ұсталған. Қалған екеуі әлі қашып жүр. 


Соңғы деректер бойынша, 80-нен аса адам қаза тауып, жараланғандар саны 115-ке жетті.


Оқиға кезінде түсірілген жантүршігерлік видеоларды осы сілтеме арқылы көре аласыздар.