МӘДЕНИЕТ
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Бүгін – Тазару күні, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарламасына сәйкес, бұл күн қоршаған ортаға қамқорлық жасауға арналмақ.
“Наурызнама” онкүндігінің соңғы күні ұлттық экологиялық науқанға арналған. Тазару күні – мемлекеттің экологиялық түйткілдерді шешуге бағытталған іс-шараларына азаматтардың қолдау білдіруі.
Бұл күн азаматтарға қоршаған ортаны қорғау туралы түсінікті кең таратып, қоғамда экологиялық мәдениетті дамытуға мүмкіндік береді.
Наурыз мерекесі ертеден табиғат тазалығын сақтауды үндейді. Мерекенің мәні – қыстан көктемге көшу, табиғаттың жаңа өмір бастауы осының нышаны.
Дереккөз: Мәдениет және ақпарат министрлігі