Bugin

Мәскеудегі теракт: 11 адамның ұсталғаны хабарланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Topnews

Федералды қауіпсіздік қызметінің басшысы Ресей президенті Владимир Путинге "Крокус" сауда кешеніндегі лаңкестік оқиғаға қатысы бар 11 адамның ұсталғанын мәлімдеді. Оның ішінде төрт адам шабуылға тікелей қатысы бар екені айтылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.  

ФҚК басшысы Александр Бортников "Крокус" сауда кешенінде жасалған лаңкестік әрекетті тергеу кезінде едәуір прогреске қол жеткізгенін атап өтті.

Операция барысында оқиғаға тікелей қатысқан төрт террористті қосқанда 11 адам ұсталды. Қазіргі уақытта ФҚК және құқық қорғау органдарының мамандары осы оқиғаға байланысты бар болуы мұмкін көмекші базаны анықтау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.