Саясат

Экраннан сән кетті...

Мәдениеттің бағасы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ХХІ ғасыр ақпарат пен технологияның ғасыры. Ақпаратты түрліше қабылдаймыз. Соның ішіндегі басымырақ әлеуметтік желі мен үй төрінде тұрған біздің теледидарларымыз.Бүгінде осы экрандар біздерді басқара алатын қаьілеттері барлай,тіпті болып жатқан қандай да бір бағдарлама немесе телешоудан бас алу мүмкін емес.

Байқайсыздар ма, осыдан  10 жыл бұрын жалпы әр арнада бір-екі шоудан аспайтын. Қазір мұндай бағдарламадан бас көтеру мүмкін емес-ті. Жұлдыздар туралы бағдарлама, шоуларды есептемегенде ел ішінде 60-қа жуығы бар екен. Бергісі көпшіліктің наразылығын тудырған "Қалаулым" болса, арғысы "Астарлы ақиқат".

Жалпы бұл шоулардың қарапайым қалың бұқараға берері не? Зерттеп  қарасам бұл бағдарлама, шоу артында журналистер үшін үлкен һәм ұлы мүдде бар екен. Ол мүдде – рейтинг.

Жалпы телеарна рейтингін көтеру,өзін осы шоу арқылы хайпқа ұсынып,танымал болғысы келетін бұл журналистердің әдетін еш түсіне алмадық.Әрине журналистердің бәрі сондай,бәрі хайпқұмар,құлқыны үшін жұмыс жасап жүр деген ойдан аулақпыз. Бірақ еріккеннің ермегіне айналған, бас-басына бағдарлама ашқан бұл жандарға басу айтар жан табылса екен. Елдің мұң-мұқтажын жеткізудің орнына қазақ қызының арының қаншалықты арзан екенін, бір әйелдің мысық етін жегенін немесе боянған ер баланың түсініксіз ойларымен уланған санасымен дүйім жұрттың санасын улаудың керегі жоқ. Онсыз да берекесі қашып отырған елді мұндай бағдарламалармен алдау артық. Олай жасалған рейтингтің құны бес тиын.

Талғат Теменов аға бір сөзінде "Мәдениетте ешқашан рейтинг болмайды" деген еді. Мәдениет қоғамға керек болмай тұрған шағында, мұндай арзан шоулардан бас тартып, сапалы дүниелер жасаған абзалырақ. Айтпағым сол бағдарламаны, мәні жоқ мағынасы таяз шоуды қазір біз тәрбиелеп отырған ұрпақ көріп-естіп өсіп келеді. Сол ұрпақ үшін неге сапалы бағдарлама мен сапалы контенттер дайындамасқа?! Ұрпақ тәрбиесі үшін кінәлі болып қалмайық, ағайын...