Bugin
Фото: Алматы облыстық ПД
Алматы облысында екі көлік соғысып, адам шығыны болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Адырна" ұлттық порталына сілтеп.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
23 наурыз күні жеңіл көлік пен жүк көлік соқтығысып, салдарынан төрт адам қаза тапқан.
Оқиға 13:00 мен 14:00 арасында "Алматы-Астана" тас жолының 35-ші шақырымында болған. Екі көліктің соқтығысуынан үш адам оқиға орнында мерт болды.
Зардап шеккен бір адам ауруханаға жатқызылып, есін жимаған.
"Мұндай оқиғалардың алдын алу үшін облыс тұрғындары мен қонақтарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз", - делінген облыстық ПД баспасөз хабарламасында.