Bugin
Фото: РФ ТЖМ
Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің соңғы мәліметі бойынша, "Крокус Сити Холлда" болған терактіде қаза тапқандар саны қазір 115 адамды құрайды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Іздеу жұмыстары жалғасуда. Марқұмдардың мәйіттерін төтенше жағдайлар қызметі үйінділерді тазалау кезінде тапты, деп хабарлады ведомство.
Бұған дейін лаңкестік әрекеттен 93 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. Одан кейін Тергеу комитеті қаза болғандар санының артатынын ескертті.
Ресей президенті Владимир Путинге 11 адамның ұсталғаны туралы хабарланды.