Bugin
Фото: freepik.com
Испанияның Жоғарғы соты Telegram мессенджерін медиакомпаниялардың контентті рұқсатсыз жүктеп беретіні үшін арыздануына байланысты Telegram-ды бұғаттады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Испанияда Telegram жұмысы Atresmedia, EGEDA, Mediaset және Telefonica компанияларының өтінішіне сәйкес, уақытша 25 наурызға дейін тоқтатылды.
Судья Сантьяго Педрас талап-арыз тексерілгенше, Telegram-ның қызметін тоқтатуға келісімін берді. Соттың хабарлауынша, мессенджердің жұмысын бұғатттау мобильді байланыс операторларына жүктелген. CNMC антимонополиялық ведомствоның мәліметінше, Telegram Испаниядағы танымалдылығы жағынан төртінші орындағы сервис. Оны испандықтардың 19% пайдаланады.