Bugin

“Құлағын кескен”. Мәскеуде шабуыл жасаған қос күдіктіге айып тағылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөзден

Крокуста шабуыл жасады деген екі күдіктіге айып тағылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Әшкере арнасына сілтеп.

Мәскеу түбіндегі "Крокус Сити Холл" концерт залына шабуылдың екі болжамды қатысушысына Далерджон Мирзоев пен Рачабализ Муродалиға терроризм жасады деген айып тағылды.

Олар өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сотқа қос күдікті ұрып-соғылған күйінде жеткізілген.

Екінші күдікті Муродали ұсталған кезде күш құрылымдарының өкілдері оның құлағын кесіп тастаған делінген. 

Бірнеше адамның өліміне себепкер деп танылған күдіктілер сотта аудармашылардың көмегімен жауап берген. Тәжікстан азаматтары орыс тілінде сөйлемейді.

Тағы басқа күдіктілердің ісі сотқа түсті. Алда оларға да айып тағылады.