Саясат
2021 жылы жолдар түбегейлі ақылы болмақ
2021 жылы Қазақстанда 13 автомобиль тас жолы ақылы болмақ. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
Ақылы жолдардың жалпы ұзындығы 5,5 мың километр болмақ. Барлық жоба мемлекеттік-жекелік механизм бойынша жүзеге асатын болады. Биыл конкурстық процедура өтіп, 2020 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіледі. Ал 2021 жылы жолдар түбегейлі ақылы болмақ.
Ақылы болатын автожолдар тізімі мынадай:
1. Қапшағай – Талдықорған, 184 километр;
2. Нұр-Сұлтан – Қостанай – Ресей шекарасы (Троицк бағыты), 741 километр;
3. Щучинск - Көкшетау – Петропавл - Ресей шекарасы (Қорған бағыты), 301 километр;
4. Павлодар – Ресей шекарасы (Омбы бағыты), 217 километр;
5. Орал - Ресей шекарасы (Саратов бағыты), 100 километр;
6. Нұр-Сұлтан – Павлодар, 409 километр;
7. Ақтөбе – Орал – Ресей шекарасы, Самара бағыты, 518 километр;
8. Атырау – Доссор – Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы, 502 километр;
9. Ақтау – Бейнеу, 470 километр;
10. Ресей шекарасы, Орынбор бағыты – Ақтөбе – Қызылорда, 1 125 километр;
11. Қызылорда – Шымкент - Тараз, 649 километр;
12. Тараз – Қайнар, Благовещенка елдімекені, 237 километр;
13. Шымкент – Өзбекстан шекарасы, 101 километр.
2019 жылдың басында ақылы жол механизмі Нұр-Сұлтан – Теміртау (134 километр), Алматы – Қапшағай (42 километр), Алматы – "Қорғас" (295 километр) тасжолдарына орнатылған еді.