Bugin
Фото: Бейнеден алынған
Америкалық бойжеткен Қазақстанда мейрамханалардың қазақ тілінде қызмет көрсетпейтініне шағымданды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп.
"Осы аптада Алматы болдым. Көп мейрамхана мен дәмханаға бардым. Кез келген жерде, мейрамханада қазақша сөйлеймін. Бірақ 18 мейрамханадан тек 5-еуі менімен қазақ тілінде сөйледі. Қазақ тілінде сөйлемеген және сөйлеген мейрамханалардың тізімін жасадым.Maharja, Pastalavista (Бөгенбай батыр көшесі), Atea (Достық көшесі), Del Cappuccino және Capito дәмханалары қазақ тілінде қызмет көрсетті", – деді америкалық ару видеода.
Оның айтуынша қалғандары қазақша сөйлеуі тұрсын, тіпті, түсінбеген.
"Қазақстан деген елде қазақ тілінде сөйлеуге болмай ма? Қазақ тілін еңбектеніп үйрегенде, басқалардың сөйлемегеніне қайран қалдым. Алматыда ешкім менімен қазақша тілдеспеді. Астанада мұндай емес. Онда мейрамханаға барғанда, даяшы маған орысша сөйлей бастады. Себебі менің бет-әлпетім сары болғандықтан, орысқа ұқсатқан болуы керек. Сөйтіп қазақ тілінде сөйлеп едім, бірден қазақша түсініп кетті. Өкініштісі, Алматыда мұндай емес. Өте қатты таңғалдым. Танымал мейрамханалар не себепті қазақша сөйлейтіндерге мүмкіндік бермейді? Мысалы, мына "Ауыл" мейрамханасы іші түріктердікі секілді. Қазақстанда неліктен қазақша сөйлей алмаймын? Егер барлығы орыс тілінде болса, неге қазақ тілін үйрендім? Әділетсіз... Мейрамханадан шығып кеткен соң жыладым", – деді америкалық ару.