Bugin

Арқалықта 12 үйді су басты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Облыстық ТЖД

Арқалықта қар еріп, тұрғын үйлерді су басты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы Қостанай облыстық ТЖД мәлімдеді.

Қардың қарқынды еруі салдарынан қаладағы Жаңа, Отан, Солтүстік, саяжай елді мекендерінде 20 аула аумағын су басқан. 

Су басқан 12 тұрғын үйде еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілуде.