Bugin

“Тәжік болсаң бармаймын”. Ресейліктер такси жүргізушілеріне бойкот жариялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Настоящее время 

Ресей халқы такси жүргізетін тәжіктерге қарсылық білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Настоящее время сайтына сілтеп.

Ресей азаматтары такси жүргізушісі тәжік ұлтының өкілі болса сапардан бас тартуда.

"Егер тәжік болсаң, мен сенімен бармаймын. Сапардан бас тарт", – деп жазған клиенттердің бірі. 

Желіде ресейлік азаматтар "Крокустағы" қырғыннан кейін тәжік ұлтына өзге көзқарас танытатыны туралы ақпарат тараған. Тіпті ұлтаралық қарым-қатынас ушығып кеткен көрінеді.