Bugin

Ресей тұрғыны. Әзербайжанда лаңкестік әрекет жасамақ болған азамат ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөзден

Әзербайжанда лаңкестік жасамақ болған азамат ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы azertag.az-ға сілтеп.

Бірнеше шабуыл жасауды жоспарлаған адам қамауға алынған. 

Ол Ресей Федерациясының Мурманск қаласында тұратын Әзербайжан Республикасының азаматы болып шықты. 

Басылымның мәліметінше, қолға түскен Аскеров Бахруз Алимамед оглу халық арасында дүрбелең туғызу мақсатында өзге де адамдармен байланысқа түсті деген күдікке ілінген. Оның көптеген адам өлуге тиіс террористік акт жасауға ниеттенгені де айтылып жатыр.

Қылмыскер сыбайластарымен Әзербайжанның кейбір аудандарында ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істейтін шетел азаматына қарсы қастандық жасауды тапсырғаны да анықталып отыр.

Оған қатысты сот шешімімен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.