Bugin
Фото: freepik.com
Таиландқа турист жүріп бара жатқан пойыздан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Конадалық турист қызымен демалу үшін келгені анықталды. Ұлыбританиялық басылымның мәліметінше, 24 жастағы Райан Джозеф Ральф қызы 22 жастағы Шона Морганмен бірге Бангкоктан Ко Тао аралына жету үшін түнгі пойызға отырған. Бойжеткен орнына барып ұйықтап қалған. Ал Райан темекі алу үшін есіктері жоқ көрші вагонға аттанған.
Өкінішке қарай, турист пойыздан құлап, оның астына түсіп кетіп, бетонға соқтығысқан деп болжануда. Пойыз оны біраз жерге сүйреп апарған. Келесі күні Ральфтың жансыз денесі табылды.