Bugin

“Аяусыз соққыға жығып, өлтірді”. 25 жастағы бойжеткен зорлықтан соң көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Настоящее Время

Ақпан айының соңында аяусыз соққыға жығылып, зорланған 25 жастағы Лиза есімді бойжеткен қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Настоящее время-ға сілтеп.

Ол - Беларусь азаматтығында болған.

Қызға шабуыл 25 ақпан күні болған. Бойжеткенге бетперде киген ер адам шабуыл жасаған. Мойнына пышақ тақап, жақын маңдағы аулаға сүйреп апарып, қатты ұрып-соғып, зорлаған.
Кейін күзетші жалаңаш әйелдің ес-түссіз жатқанын көріп, полицияға хабар берген.

Наурыздың алғашқы күні қатты соққы алған бойжеткен Варшава ауруханасында көз жұмды.

Қылмыс жасады деген күдікпен Варшава қаласының 23 жастағы тұрғыны ұсталды. Полицейлердің айтуынша, ол қызды зорлаған соң тұншықтырып өлтірген.

Ер адам тонау, сексуалдық қылмыстар және қауіпті қарумен кісі өлтіруге оқталу үшін айыпталып отыр. Осы әрекеттері үшін ол 15 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қыздың өлімі Польшада соңғы күндері ең көп талқыланған тақырыптардың біріне айналды. 

Варшавада адамдар 25 жастағы қыздың қайтыс болған жеріне гүлдер мен майшамдар әкеліп, оны еске алуда.

Марқұм қызды еске алу үшін Варшавада 6 наурызда «Оның аты Лиза еді» атты жерлеу рәсімі жоспарланды.