Bugin

Алдағы күндері елімізде ауа-райы қандай болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Елімізде 26-29 наурыз аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Алдағы күндері жаңбыр, тұман, желдің күшеюі болжанып жатыр. Қатты жаңбыр 26 наурызда ҚР батысында (Батыс Қазақстан, Атырау), 26-27 наурызда солтүстік-батыста (Ақтөбе, Қостанай), 23, 26-28 наурызда республиканың оңтүстігінде (Түркістан облысы), 28-29 наурызда еліміздің оңтүстік-шығысында (Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстары) күтіледі.

Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасының айтарлықтай жоғарылауы күтіледі.

Гидрологиялық және метеорологиялық жағдайлар күрт өзгерген жағдайда "Қазгидромет" су тасқыны қаупі туралы дауылды ескертулермен алдын ала хабардар ететін болады.