Bugin

"Жүзден аса адам құтқарған": Ресейдегі теарктіде ерлік жасаған 15 жастағы бала оқиға туралы айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан кадр

Крокус Сити Холлда гардероб қызметкері болып жұмыс істеген қырғызстандық бір отбасының ұлы шабуыл басталған кезде адамдарды шығару туралы нұсқауларды орындаған. Моргенштерн жасөспірімге миллион рубль жіберсе, "Спартак" клубы оған өз алаңында өтетін матчтарға абонемент берді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

"Крокус Сити Холлда" гардероб болып жұмыс істеген 15 жастағы мектеп оқушысы Ислам Халилов қызметшілер бөлмесінен шығудың жолын көрсетіп, жүзден астам адамның өмірін сақтап қалды. Бұл туралы бірінші болып "112" телеграм каналы хабарлады.

Ислам Халилов "Мәскеу онлайн" тілшісіне концерттік залда бір жылға жуық жұмыс істеп жүргенін айтты. Теракт болған күні ол ауысымға сағат 16:00-де шыққан. Шабуыл басталған кезде ол қатты дыбыстарды естіген. Ол алдымен "бір топ шулаған адам келе жатыр" деп ойлады. Халилов жағдайдың мәз емес екенін баспалдақ жағынан адамдар жүгіріп келгенде түсінді.

Ол оқиға туралы: 

"Мен әрекет етпесем, өзімнің де, басқалардың да өмірінен айырылатынымды түсіндім. Шынымды айтсам, бұл өте қорқынышты болды. Мен адамдардың арасында болғанда, есікті ашайын деп жатқанда, баспалдақтан, эскалатордан біреу шығып, граната лақтырады немесе оқ жауды деп ойладым. "Құдайға шүкір, ештеңе болған жоқ, мен уақытында есікті ашып, барлығын құтқара алдым", - дейді.

Халилов қызметкер ретінде төтенше жағдайларда қалай қозғалу керектігі туралы нұсқаулар берілгенін айтты. Ол соның арқасында "адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қайда апару керектігін" білетінін түсіндірді. Соңында ол жүзге жуық адамды Crocus City Hall жанында орналасқан Crocus Expo кіреберісіне апарды. Жасөспірімнің өзі "басқа ешкім қалмауы үшін" соңғы болып өткен.

"Анам ес-түссіз қалды. Менің осындай жағдайды басымнан өткергенім оған ауыр тиіп көз жасына ерік берді.  Мен өзім шынымды айтсам шок күйдемін. Олар менің көз алдымда адамды атып тастады, мен бұл туралы ойланбай тұра алмаймын", - дейді Халилов.

Ruptly басылымына берген сұхбатында Халилов өзін батырмын деп санамайтынын айтты:

"Бұл менің жұмысымның бір бөлігі болды. Жүздеген адамның өлуіне жол бергенше, өзіңізді құрбан еткеніңіз артық'",-деді ол.

Халилов Мәскеудің "Спартак" клубының жанкүйері. Оның ерлігі белгілі болған соң клуб оны футболшылармен кездесуге шақырып, түрлі сыйлықтар мен команданың өз алаңындағы матчтарына абонемент сыйлады.

Рэпер Алишер Моргенштерн жасөспірімге миллион рубль жіберді.

"Моргенштернге алғысым шексіз, Әлішер сияқты адамдардың барына қуаныштымын, оның көмегімен өмірім жеңілдеп жатқанына шын жүректен қуаныштымын. Шынымды айтсам, сөз таппай қалдым, жылағым келеді", – дейді Ислам Халилов.

"Подём" басылымының хабарлауынша, оның отбасы бұл ақшаны несиелерін өтеуге жұмсамақ.

Ислам Ресейде туған, ата-анасы Қырғызстаннан. Әкесі Бахтиёр Жалалабад облысының Сузок ауданынан, ал анасы Ойпари Ош облысының Узған ауданынан. Ислам отбасындағы үш баланың үлкені.

Ресейдің бас мүфтиі Равиль Гайнутдин Халилов Ресей мұсылмандарының "Қызметтері үшін" медалімен марапатталғанын хабарлады. Сыйлық жасөспірімге келесі аптада Мәскеудегі собор мешітінде жұма намазында тапсырылады.