Bugin

"Өмірін адамдарға көмектесуге арнады": елімізге танымал дәрігер қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: umc.clinics парақшасынан алынды

 

Бүгін таңертең елімізге танымал дәрігер Бекбай Хайрулин қайтыс болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі "Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы" АҚ жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

UMC медициналық орталығы Instagram желісінде қаза туралы:

"Бүгін таңертең 64 жасқа қараған шағында біздің қымбатты досымыз, әріптесіміз және мейірімді, жанашыр адам, педиатр дәрігер, UMC медициналық директоры Бекбай Еслямұлы Хайрулин ұзақ уақыт бойы аурумен күресіп, көз жұмғанын өкінішпен хабарлаймыз",-деп жазды.

 

Марқұмның адами қасиеттері мен жасаған жақсылықтарын еске алған әріптестері:

"Бекбай Еслямұлы әріптестері мен пациенттері арасында ашық мінезді әрі жанашыр қасиеттерімен құрмет пен сүйіспеншілікке ие болды. Бекбай Еслямұлы бүкіл өмірін адамдарға риясыз көмек көрсетуге арнады және өзінің еңбек жолында денсаулық сақтау жүйесін дамытумен қоса көптеген адамдардың өмірін сақтап қалуға үлкен үлесін қосты. UMC ұжымы атынан орны толмас қайғыға ортақтасып, Бекбай Еслямұлының туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз",-деп жазды.