Bugin
Фото: Сот баспасөз қызметі
27 наурызда Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша жабық сот отырысы өтеді деп хабарлайды Bugin.kz порталы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Ертең жиында бұрынғы министрдің ісі бойынша алқабилерге кандидаттарды іріктеу өтеді.
"Алқабилер алқасы 12 адамнан құрылады (10 негізгі және 2 қосалқы). Іріктеу алқабилердің жеке басын жария ету мүмкіндігін болдырмау үшін жабық сот отырысында жүргізіледі", - деп хабарлады сотта.