Bugin
Фото: depositphotos
Қазақстанның 20 өңірінде "Zhas Project" жобасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды. Жобаға NEET санатындағы 18-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
"Zhas project" жобасының негізгі мақсаты – Қазақстандағы NEET санатындағы жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу. Жоба аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіледі, сондай-ақ жұмыспен қамту және білім беру салаларынан уақытша тыс қалған 18 бен 35 жас аралығындағы жас қазақстандықтарға қолдау көрсетіледі.
2024 жылы еліміздің 20 өңірінде NEET санатындағы жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі 280 шағын грант беру жоспарланып отыр. Бұл жастарға жергілікті қоғамдастықтың мәселелерін шешу үшін өздерінің әлеуметтік идеяларын жүзеге асыру үшін қосымша ресурстар мен мүмкіндіктер алуға мүмкіндік беретін маңызды бастама.
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы басшылығының мәліметінше, жоба жеңімпаздары әлеуметтік бастамаларды іске асыру үшін 1 миллион теңгеге дейін шағын грант алады.
Өтінімдерді қабылдау 24 сәуір сағат 23:59-ға дейін жалғасады. Ұйымдастырушылардың байланыс ақпараты мен өтінім қабылдайтын сайттары cisc.kz сайтының Zhas project бөлімінде орналасқан.