Bugin

Тоқаев Жарлыққа қол қойды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ақорда

Бүгін Қазақстанның бірнеше елдегі жаңа елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Ақорда таратқан ресми ақпаратқа сәйкес, Оңталап Серікбайұлы Оңалбаев Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Дәулет Тазабекұлы Ембердиев Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды

"Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қанат Қобыландыұлы Тумыш Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды", делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстан Республикасының Того Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.