Bugin

БҚО-да түлектер ҰБТ тапсыруға трактормен барған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Лұқпан Ахмедьяров

Егінге жол тартқан жұмысшылар секілді трактор тіркемесіне тиеліп ҰБТ-ға жол тартқан түлектердің видеосы желіде тарады. Оқиғаға қатысты Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі оқиғаның 17 наурызда болғанын хабарлады. Балалар расымен де Оралға ақылы тестілеу тапсыруға барған. 11-сынып оқушыларының ата-аналарының жеке тұлғамен өздері келісіп, мектеп оқушыларын Сайхын-Өнеге-Орал тасжолына жеткізіп салған. 

"Тасымалдаушы әкімдік пен полицияға балаларды тракторға мінгізіп жатқанын ескертпеді. Қазіргі уақытта балалардың барлығы Оралға аман-есен жетті", - деп хабарлады БҚО әкімдігі

Әкімдік ұсынған ақпаратқа сәйкес, балалардың трактор тіркемесімен тасымалдануына қатысы бар тұлғалар жауапқа тартылады. 

"Қазіргі таңда ауыл әкімдігін, мектеп басшылығын және техника иесін жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр. Ауыл әкімі, мектеп директоры және учаскелік инспектор түсіндірме хатты жазды", - деп хабарлады БҚО әкімдігі.

Сонымен бірге, ведомство соңғы күндері қар мен жаңбырдың күрт еруіне байланысты жолдардағы жағдайдың қиындап кеткенін баса айтты. 

"Көрсетілген 18 шақырым кіреберіс жолды күрделі жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, жұмысты бастау үшін бюджеттен тиісті қаражат бөлінді. Қазір мердігерді анықтау үшін тендер өтеді. Жобаны 2024-2025 жылдары жүзеге асыру жоспарланып жатыр", - деп сендірді әкімдік.