Bugin

Синоптиктер 27 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com 

"Қазгидромет" РМК мамандары 2024 жылдың 27 наурызына арналған Қазақстан бойынша жалпы ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Синоптиктердің болжамынша, Батыс Қазақстанның орталығында жүріп жатқан белсенді циклон мен сонымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуынан еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды әрі желді ауа райы күтіледі.

"Еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында ғана антициклонға байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстан бойынша тұман көрініс табады, оңтүстік өңірде найзағай ойнап, күн райы құбылмалы болады, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады деп күтіледі", - деді синоптиктер.