Bugin

Елімізде онлайн-несие алу ережесі өзгереді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі онлайн-кредиттерді беру ережесіне өзгеріс енгізді,  деп хабарлайды Bugin.kz порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Қаулыға сәйкес, микроқаржы ұйымы мен қарыз алуының арасында келісімшарт жасау және оған өзгеріс енгізу кезінде биометриялық идентификация қолданылатын болады. Яғни, несие алушы бәрін саусық ізімен растайды.

Микрокредитті қарыз алушының өтініші бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымда сатып алынатын тауар немесе орындалған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеуді көздейтін шарт жасалған заңды тұлғаның банктік шотына аудару СДАО қызметтерін пайдалану арқылы биометриялық сәйкестендіруді қолдана отырып немесе микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның құрылғылары арқылы клиентті тіркеу кезінде алынған клиенттің биометриялық деректерін пайдалана отырып, жүзеге асырылады, - делінген құжат жобасында.