Bugin

"Табылмай жатыр". 3 жасар кішкентай қыз бала бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөзден

Алматы облысында 3 жасар қыз жоғалған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ол 10 күннен бері іздестіріліп жатыр.

Кішкентай қыз 17 наурызда үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Оны полиция, жергілікті тұрғындар мен еріктілер іздеп жатыр.

"Арнайы жасақ инспекторлары, кинологтар, жергілікті ПБ және жедел бөлім қызметкерлерінен арнайы іздестіру тобы құрылды. Қазір арнайы дайындалған иттер арқылы ауқымды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.

Қыз бала Еңбекшіқазақ ауданы, Күш ауылының тұрғыны.