Bugin
Фото: freepik.com
Америкалық турист Пуэрто-Рикодағы демалысы кезінде отбасының көзінше суға батып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
51 жастағы Бенджамин Джеймс Кинг Миннесотадан келген. Ол жақындарымен бірге Лукильо қаласында демалған. Демалысы кезінде ол серфингтің қыр-сырын үйренгісі келіп, арнайы маманға жүгінеді. Бірақ сабағы аяқталғаннан кейін жағаға жүзіп жете алмай қалады. Толқындар тым күшті болғандықтан, екі балалы әке судан шыға алмаған.
Жүзіп жүрген үш турист оны судан шығарып, дәрігерлер келгенге дейін алғашқы көмек көрсетуге тырысты. Бірақ еш нәтиже болмады.