Bugin
Фото: 24.kg
Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі ел азаматтарын Ресей шекарасынан өтпей тұруға шақырған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі ведмоство мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды.
Министрлік атап айтқанда, бұрын Ресейде әкімшілік құқық бұзушылық жасаған қырғыз азаматтарын Ресей Федерациясындағы қосымша қауіпсіздік шаралары мен күшейтілген шекарадан өту режимі жойылмайынша елде қалуға шақырды. Ресейдегі Қырғызстан азаматтарынан адам көп жиналатын жерлерге бармауды сұрайды.
Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі Мәскеу түбіндегі «Крокус Сити Холл» кешенінде болған терактіден кейін бүкіл Ресей бойынша қауіпсіздік шараларын күшейтуге қатысты қырғыз азаматтарына үндеу жариялады.
Министрліктің үндеуінде:
"Ресей Федерациясына кіруге аса маңызды себебі жоқ азаматтарға қосымша қауіпсіздік шаралары мен мемлекеттік шекараны кесіп өтудің күшейтілген режимі жойылғанға дейін бұл елге барудан бас тартуға кеңес беріледі", - делінген.
Сондай-ақ, бұған дейін Ресейге барған кезінде екі немесе одан да көп рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған Қырғызстан азаматтарына Ресей Федерациясының шекарасынан өтуге рұқсат етілмеуі мүмкін болғандықтан, Ресейге бармауға кеңес беріледі.
Ресейге баруды жоспарлап отырған азаматтар РФ ІІМ сайты арқылы елге кіруге ешқандай шектеулер жоқтығын алдын ала тексеріп алуы керектігі айтылды.
Сондай-ақ, Ресейде жүрген Қырғызстан азаматтарынан адамдар көп жиналатын жерлерге бармау, жеке басын және елде заңды болуын растайтын құжаттарды өзімен бірге алып жүруді сұрайды.