Bugin
Фото: Павлодар облысы ПД
Павлодарда 7 жастағы қызына қастық қылған ана мен оның көңілдесіне қатысты алғашқы сот тыңдауы өтті. Отырыста былтыр қараша айында жоғалып, кейін мүрдесі табылған Милана Давыдованың өлімі туралы сұмдық жайттар белгілі болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қызды өлтірген қос айыпталушы ұзақ уақыттан бері бөтелкелес, әрі көңілдес болған. Тергеу мәліметінше өткен жылдың 17 қарашасында балалары мектепте, ал күйеуі жайылымда болғанын пайдаланған әйел көңілдесімен үйде арақ ішіп, кейін жыныстық қатынасқа түскен. Осы сәтті сабақтан ерте келген Милана көріп қойыпты. Тіпті ананасының бөтен еркекпен жақындасқанын әкесіне айтамын деген. Осы кезде анасы қызын есінен танғанша аяусыз ұрған. Ал көңілдесі белдікпен буындырып азаптап өлтірген. Кейін қыздың денесін ауыл ішіне жерлеп, ауыр қылмысты жасырмақ болған. Енді осы қылмысы үшін қос айыпталушы жауап беріп жатыр. Негізгі сот 8 сәуірге белгіленді.
Естеріңізге салайық, Милана Давыдова өткен жылдың қарашасында Павлодар облысы Бесқау ауылы аумағында жоғалып кеткен еді. Оны іздеуге 500-ден астам адам жұмылдырылды. Бірақ екі күннен кейін Милананың анасы ауыр қылмыс жасағанын мойындап, мәйітті қайда жасырғанын өзі көрсетіп берген болатын.