Bugin

19 жастағы қызды әріптесі зорлап, атынан несие рәсімдеген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

"Көреміз" бағдарламасына Бинұр Жұмағалиева есімді бойжеткен келіп, өзінің алданғанын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Бинұр экс-жігітімен даяшы болып жұмыс істегенде танысқан. 1 аптадай уақыт өткен соң жігіт 19 жастағы қызды зорлаған. Бірақ жігіт қызға ақталып, үйленуге уәде берген. 

"Ары қарай біз қыз бен жігіт болып жүрдік. Мамыр айында болды ғой бұл жағдай. Сосын оқу бітіп, мен ауылға кеттім. Күзде қайта келдім. Сол кезде маған бар мәселесін айтып бастады. Қарызға кіріп кеткенін, оқудан шығып кеткенін. Несие алып беруді өтінді. Мен алып бердім. Тіпті айлығымды да бердім. Бірақ алдады",- дейді бойжеткен.

19 жастағы Бинұр 7 рет өзіне қол жұмсамақшы болған. Студияға қыздың анасы да келіп жағдайтың қиын екенін айтты.