Bugin

“Педофилдің қолына түсе жаздады”: Ринат Зайытов тың ақпаратты бөлісті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: rinat_zaitov_resmi

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов тұрғын үй сатуға қатысты үлескерлердің мәселесін көтерді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

"Еліміздегі өзекті мәселелердің бірегейі ол тұрғын үй мәселесі екенін жақсы білесіздер. Және де ол бір жақты ғана емес, жан-жақты. Иә, проблема барлық аймақта бар. Бірақ Астананың жайы ерекше. Үлескерлердің өз баспанасынан айырылып қалуынан бастап, Елордада апта сайын бой көтеретін тұрғын үй кешендерінің сын көтермес сапасына дейін. Жүгенсіз заңсыздықтар мен мыңдаған халықтың естілмей, естілсе де ескерілмей жатқан мұңы бар бұл жағдайды бір жақты қылмаса, іс насырға шабуы әбден мүмкін",- дейді депутат.

Мысалы, "Азия плюс" тұрғын үй кешенінде тұрғындар, яғни қариялар, кішкене балалармен жүкті аналар, сондай-ақ мүгедектігі бар тұлғалар өз үйлеріне кіретін есігінің, не кіреберісінің болмауына байланысты, күнделікті паркинг арқылы кіруге мәжбүр.

"Соның салдарынан бір баланы көлік қағып, күні кеше ғана 16-шы наурызда екі жеткіншек арсыз педофилдің қолына түсе жаздаған фактілері анықталған. Онымен бұл мәселе біткен жоқ, бұл үйді тұрғындарға сатар кезде "Бизнес" санатындағы үй деп сатып, бірер жыл өткен соң пайдалануға қабылдау кезінде "Эконом" санатына ауыстыра салулары да мүмкін екен. Сонымен қатар, "Успешный дом" тұрғын үй кешенінің тұрғындары да алаяқтық іс әрекеттерге ұшырап отыр. Бұл көп өзекті мәселелердің біразы ғана, айта берсек айлап тауыспайтындай - зар бұл", - дейді Ринат Зайытов.