Bugin
Фото: ашық дереккөз
Алматы облысында 10 күннен бері үш жасар бала табылмай жатыр. Аудан бойынша жүргізілген зерттеу нәтиже бермеді. Енді Күш ауылында көлдің суын бірнеше метрге ағызбақ, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл көл жоғалған қыздың үйінің дәл жанында орналасқан. Бірақ суды ағызу үшін тағы бір апта кетеді. Іздеу жұмыстарына сүңгуірлер қосылып үлгерді.
Айя - София есімді бүлдіршін 17 наурыз күні түстен кейін жоғалып кетті. Анасының айтуынша, бала үйден өз бетімен шығып кеткен.
Баланың анасы оның жоғалғаны туралы сол күні хабарлаған. Полицейлер, құтқарушылар, еріктілер, ауыл тұрғындары, тіпті әскерилер бірден қызды іздеуге шықты. Осы уақыт ішінде іздеу аймағы айтарлықтай кеңейді.