Bugin

Келіншек туған әпкесінің атына несие алып, кейін оны өлтірмек болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com 

Атырау облысында туған әпкесінің атына несие рәсімдеп, кейін өлтірмек болған келіншек өзіне-өзі қол салды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана арнасына сілтеме жасап. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Оқиға Құрманғазы ауданында болған. 49 жастағы әйел әпкесінің телефонымен жасырын түрде екі миллион теңгеге жуық онлайн несие рәсімдеген. Әпкесі бұл жағдайды кейін ғана білген. 

Ал ақшаны қалтасына басқан сіңлісі, мазалап жүрген банк қызметкерлері емес, алаяқтар деп, телефон нөмірін ауыстыруға кеңес береді. Кейін сіңлісі әпкесінің үйіне жасырын кіріп, ұрып-соғып, үйін өртеп жібермек болған. Бауырының әрекетінен аман қалған 56 жастағы әйел құқық қорғау органдарына арызданады. Ісі әшкере болған соң сіңлісі ауылдан бірнеше шақырым қашықтықтағы мал суаратын терең құдыққа секіріп кеткен. 

"Аталған деректер бойынша Құрманғазы аудандық полиция бөлімі тергеу амалдарын бастады. Сондай-ақ күдікті өзінің ізін жасыру мақсатында үйінен белгісіз бағытқа кетіп қалып, өз-өзіне қол салған. Ол іске қатысты да «Өз-өзін өлтіруге жеткізу» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды",- дейді  облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.