Bugin

"Із-түссіз жоғалды". Абайда үш ер адамды іздеу жұмыстары жүріп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Абай облыстық ТЖД

Абай облысында үш ер адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы облыстық ТЖД жедел-құтқару жасағы хабарлады.

Құтқарушылар су басқан Аягөз ауданында із-түзсіз жоғалғандарды іздеуде.

"Аягөз өзенінен өтіп бара жатып, аттан құлап, суға кеткен 1977 жылы туған ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Жоғалған ер адамның өзі жұмыс істейтін шаруа қожалығына бара жатқаны анықталды”, – делінген департаменттің жолдаған хабарламасында. 

Ер адамдар 26 наурызда Аягөз ауданында Борлы өзенінен өту кезінде жоғалғаны айтылды. 66 және 38 жастағы екі адамның "Шалқар" шаруа шаруашылығынан Қарағаш ауылына қарай жолға шыққаны белгілі болды.

Құтқарушылардың сөзінше ер адамдар өзен ортасында қалып қалған.

Жоғалғандарды іздеу жұмыстарына барлығы 82 адам, 4 жүзу құралы, 9 техника, 4 пилотсыз ұшу аппараты жұмылдырылған.