Жарнама

Нұр-Сұлтан қаласында көлік қақтығыстары амалсыздан жасалады

Аталмыш жер Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданына қарасты Көктал-2 шағын ауданындағы Ақмола мен Баршын көшелерінің қиылысында орналасқан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қиылыста көлемі жағынан айтарлықтай кедергі келтіретін, əрі түнгі уақытта көріне бермейтін бетон тасы қойылған. Айта кетерлік жайт – Баршын көшесі Көктал шағын ауданының жанында орналасқан Халыққа Мамандандырылған Қызмет Көрсету (халық ішінде оны "АвтоЦОН" атап кеткен) Орталыққа шығатын ең үлкен көше. Бұл көшемен күніне қызмет алу барысымен 2000-3000 темір көлік өтсе, қиылыстың үстімен бірқатар арнаулы (4А, 81, 102) бағыт автобустары жүреді. Схемалық дəрежеде Ақмола көшесінен келе жатқан автобус Баршын көшесіне еркін бұрылыс жасайды да, қайтар жолда Баршын көшесінен Ақмола көшесіне түсу үшін қарама-қарсы бағыттағы жол айрығына түсіп өзге жүргізушілермен қақтығысуға мəжбүр болады.  Себебі өз бағытындағы жолда бетон тасы бар.

Арнайы қалыпта құйылған тастың шеттері соғылған көліктер есебінен əбден мүжілген.  

Шағын ауданда жол жөндеу жұмысы  жергілікті тұрғын Қ.Еркінбековтың сөзінше: "2018 жылдың 3-маусымында біткен". Ал, баяғы бетон тас, сол бетон тас!