Bugin
Фото: ТАСС
Мәскеуде болған лаңкестік әрекет салдарынан тағы бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ТАСС-қа сілтеп.
22 наурыз күні қанды қырғында "Крокус Сити Холл" ғимаратында 6000-нан астам адам болған.
Зардап шеккен 92 адам ауруханаға жатқызылып, қазіргі таңда олардың 63-і үйіне оралған, - делінген басылымның мәліметінде.
Қазір зардап шеккен 205 адамға амбулаторлық көмек көрсетілген.
Қырғыннан қаза тапқандардың жалпы саны 140-қа жеткен.
"Өкінішке орай, ауыр халде болған азаматтың бірі қайтыс болды. Дәрігерлер оны аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады", - деді Ресейдің денсаулық сақтау министрі Мурашко.